Ж. Аймауытовтың педагогикалық көзқарастары. Мектеп балаларын тәрбиелеу тұжырымдамасы.

Ж. Аймауытовтың педагогикалық көзқарастары. Мектеп балаларын тәрбиелеу тұжырымдамасы.
Предыдущая12345678910111213141516Следующая

Ж.Аймауытов жазушылығымен қоса, қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психология, көркемөнер ғылымдарының саласында қалам тартып, құнды-құнды ғылыми зерттеу еңбектерін жазумен, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған тұлға. Ж.Аймауытов: « Адам мінезінің, ақыл-қайратының әртүрлі болуы тәрбиенің түрлі-түрлі болуынан... адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен»,-дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын дене тәрбиесі және жан тәрбиесі болып бөлінетіндігін көрсетеді.Ж. Аймауытов балаға әсер ететін медресе және тәрбиеші деп санайды... «Кейде,-деп жазды ол,- белгісіз себептермен күшті ықпал ететін, әсер туғызатын жағдайлардың да болуы ықтимал. Ол ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше тоқталады. « баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт- жас күнінде көрген өнеге. Ол өнеге әке шешесінің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ж.Аймауытовтың педагогика ғылыми саласындағы жүйелі ой пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған « Тәрбиеші жетекші» атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Ж.Аймауытов « Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі – дидактикаға ғылыми анықтама берген. Оның пікірінше, мұғалімнің айналысатыны – үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдіспен табан аумай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер... Дидактика мұғалімге жалпы жол –жоба көрсетіп, жетекшілік етеді... сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды», - деп, оқыту, білім беру әдісінің қатып – семіп қалған догма емес, үнемі ізденуден туатын іс -әрекет екенін дұрыс атап өтеді.

Мектеп оқушыларына тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері. Мектеп балаларын тәрбиелеу тұжырымдамасы.

Тәрбиенің міндетті: ·Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;·Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;·;· Жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;·Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапарларын қалыптастыру;·Қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалық және діни толеранттылықты тәрбиелеу;·Балалр мен жастардың бойында Қазақстанға сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;·Отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру; Тұжырымдама құрылымы:1. Кіріспе.2. Тәрбие құндылықтары.3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.4. Тәрбие үдерісін ұйымдастыру ұстанымдары және методологиялық негізі 5. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны. 6. Тұжырымдаманы іске асыру шарттары.7. Күтілетін нәтижелер. 8. Сөздік.


3422156686854475.html
3422238016226183.html
    PR.RU™