Мемлекеттік еңбек инспекциясы

Еңбекті қорғау ережелерінің, техникалық нормаларының және заңдарының орындалуын қадағалайды. Ведомствоішілік бақылауды кәсіпорынның үстінен қарайтын министрліктер мен ведомстволар жүзеге асырады.

Барлығының іс-әрекетін бас прокурор бақылайды.

Еңбекті қорғау ережелері – өндірістік процестерді жобалағанда, ұйымдастырғанда және жүзеге асырғанда, өндірістік құрылғыларды, қондырғыларды, агрегаттарды, машиналары, аппараттарды пайдаланғанда, және де бастапқы материалдарды, дайын өнімдерді, өндіріс қалдықтарын т.б. қолданғанда, сақтағанда, тасымалдағанда орындауға міндетті еңбекті қорғау бойынша талаптарды қалыптастырушы нормативтік акт; салалық және саларалық болып бөлінеді.

Еңбекті қорғау нұсқауы– өндірістік орындарда, кәсіпорын территориясында, құрылыс алаңдарында және бұл жұмыстар жүргізілетін немесе қызметтік міндеттер орындалатын басқа да орындарда жұмыс атқарғанда еңбек қорғау бойынша талаптарды қарастыратын номативтік акт; типтік (салалық), және кәсіпорын жұмысшылары үшін) мамандығы мен жұмыс түрлері бойынша) болып бөлінеді. Еңбекті қорғау нұсқаулары сала аралық және салалық ережелер негізінде жобалануы тиіс және оларға қайшы келмеуі керек. Нұсқаулар жеке мамандық иелері үшін де (электр дәнекерлеушілер, слесарлер, лаборанттар және т.б), сол сияқты жұмыстардың жекелеген түрлері үшін де (биіктіктегі жұмыс, монтаждық, ремонттық жұмыстар, сынақтар өткізу) жобалануы мүмкін. Нұсқаулар типтік нұсқаулар, берілген кәсіпорында қолданылатын құрылғылардың зауыт өндірушісінің қолдану- жөндеу құжаттамасында көрсетілген қауіпсіздік талаптарының, және деөндірістің нақты жағдайлары ескере отырып, технологиянық құжаттамалар негізінде жобаланады. Нұсқаулар талаптары жұмысшылар үшін міндетті болғандықтан, олады орындамау еңбектік дисциплинаны бұзу болып саналады.



Нұсқамашының (инструктаж) келесі түрлері бар:

· алғашқы нұсқамашы – бұл жұмыс орнында әрбір қызметкермен қауіпсіздік шараларын және әдістерін оқытып, жүргізілетін еңбек;

өндірісте (цехта) тікелей жұмыс орында алғашқы нұсқамашы;

жұмыс орнында жұмыстың қауіпсіз тәсілдеріне теориялық және өндірістік оқыту;

жұмыстағы теориялық білім мен практикалық машықтарын тексеру;

жұмыс орынына қатысты қауіпсіздік техникасы ережелері мен инструкцияларын кезеңдік және кезектен тыс тексеру;

· қайталама (кезекті, жоспарлық) нұсқамашы;

· жоспардан тыс нұсқамашы және білім тексеру;

· арнайы нұсқамашы және білім тексеру.

Еңбек сақтау бойынша тәртіптер мен нұсқау біліміннің деңгейін тексеру және көтеру мақсатында жеке немесе бір мамандықтың бір топ жұмысшыларымен жүргізілетін, жұмыс орнындағы нұсқама бағдарламасы бойынша бригадасы бұл қайталама нұсқамашы деп аталады.

Нұсқаулардың міндетті және қызметтік түрлері жобаланады. Міндетті Нұсқауларға жалпы зауыттың, жалпы өндірістік және жұмыс орны бойынша нұсқаулары жатады. Еңбекті қорғау бойынша талаптар еңбек заңдары, ғылыми зерттеу нәтижелері мен өнеркәсіп кәсіорындарының оң нәтижелі тәжірбиелі негізінде жобаланып, мұнай өнеркәсібі бойынша Гостехнадзормен келісіліп, мұнай өнеркәсібінің министрлігі бекіткен еңбектің қауіпсіз жағдайларын құру жүйесі бойынша жобаланады.


3418960291889079.html
3419029817491750.html
    PR.RU™